Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыруға арналған меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл келісім құс өсірушілер одағы мен жұмыртқа өндірушілер қауымдастығын құс фабрикаларындағы көтерме бағаларды тұрақты деңгейде ұстап тұруға және фирмалық дүкендерінде бағаны негізсіз көтермеуге міндеттейді.
Меморандум аясында Құс фабрикаларындағы көтерме бағалар тұрақты деңгейде болады. Фирмалық дүкендерде жұмыртқа бағасын негізсіз көтеруге жол берілмейді.
Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті өндірушілерді қолдау мақсатында тауық жұмыртқасын елге әкелуге шектеу қою мәселесін қарастырады. Сонымен қатар, сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп:
Айта кетейік, 2024 жылы ауыл шаруашылығы министрлігі үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден автокөлікпен тауық жұмыртқасын әкелуге уақытша тыйым салды. Бұл шектеу алты айға созылды. Отандық өндірушілерді көктем-жаз мезгілінде қолдау мақсатында енгізілді.
Бұл шаралар Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге және отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.