Қазақстанда жол-көлік апаты 8,9%-ға артты

14 Қараша 2022, 21:07 1622

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 10 258 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 15 092 адам зардап шеккен, деп хабарлайды El.kz

Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апат саны 8,9%-ға артты.

2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 35,9 млрд теңге сомасында 68 885 сақтандыру төлемін жүзеге асырды. 

EL.KZ
Бөлісу: