Қазақстанда жер байлығын игеретін 14 компания лицензиясынан айырылды

19 Сәуір 2023, 15:10 712

Шығыс Қазақстан облысында жер қойнауын пайдаланушы 14 компания өз міндеттемелерін орындамағаны үшін лицензиядан айырылды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша жер қойнауын пайдаланушы 177 компания жұмыс істейді.

Оның ішінде 21-і пайдалы қазбаларды игерумен, 66-сы барлау жұмыстарымен айналысады. Әрбір кәсіпорынмен жасасқан келісімшарттар бойынша олардың облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына және инфрақұрылымының жақсаруына жыл сайын қаржылай аударымдар жасауға міндеттемелері белгіленген. Өткен жыл бойынша 80 жер қойнауын пайдаланушы 34,5 млн теңге аударады деп күтілуде, - делінген ақпаратта.

Осы ретте, өз міндеттемелерін орындамаған компанияларға тиісті шаралар қолданылуда. Атап айтқанда, бүгінде 14 компания жұмыс істеуге қажетті лизензиядан айырылып отыр. Оның ішінде 4-і барлау жұмыстарымен, 10-ы пайдалы қазбаларды игерумен айналысады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: