Қазақстанда жаңа жол белгілері пайда болады

25 Сәуір, 17:55 818

Қазақстанда бірнеше жаңа жол белгісі пайда болмақ. Сондай-ақ электр көлік иелері үшін электрмобильді ажыратуға бағытталған арнайы белгілер әзірленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстан стандарттау және метрология институты» биыл 1 мамырда ҚР СТ 1412-2017 «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары» ұлттық стандартына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар күшіне енетінін мәлімдеді.

Аталған өзгерістер жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және барлық жол қозғалысына қатысушының ыңғайлығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Ұлттық стандартқа енгізілетін негізгі өзгерістердің бірі мынадай: гибридті көліктерді есепке алмағанда, электр көлігі иелерінің барлығы «Электр көлігі» сәйкестендіру белгісін міндетті түрде көлік құралына енгізуге тиіс; жаңа жол белгілері орнатылмақ: «Электр самокатта жүруге тыйым салынады» – бұл белгіні жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол апатының алдын алу үшін тротуарларға орнату жоспарланып отыр; «Диагональды жаяу жүргіншілер өткелі»; «Параллель көлік жолына ауысу белгісі»; «Параллель жолдың соңы екенін хабарлайтын белгі».

Мүгедектерге және тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға, сондай-ақ ондай адамдарды тасымалдайтындарға жол инфрақұрылымының қолжетімділігі қамтамасыз етілген.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: