Қазақстанда жаңа комитет құрылды

15 Шілде, 10:46 566

Қазақстанда жаңа комитет құрылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Су ресурстары және ирригация министрлігі мәліметінше, судың «қара нарығымен» күресті күшейту мақсатында  жаңа ведомство – Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті құрылды.

Жаңа комитет суды заңсыз пайдалану және оны есепке алу деректерінің бұрмалануы, сондай-ақ еліміздің су нысандарындағы құқыққа қайшы шаруашылық қызметпен күреседі, - делінген хабарламада.

Жаңа комитеттің жұмысы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және еліміздің су ресурстарын қорғауға бағытталған.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: