Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер пайда болады

8 Сәуір, 16:48 853

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы кәсіби мерекелер тізімін кеңейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Тізімге бірден 8 жаңа кәсіби мереке енгізілмек. Олар:

7 сәуір – Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні;
16 сәуір – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні;
20 мамыр – Метрология қызметкерлерінің күні;
10 шілде – Ветеринариялық қызметкер күні;
Қыркүйектің бірінші сенбісі – Аңшылық шаруашылығы қызметкерінің күні;
1 қазан – Жоғары білім қызметкерлері күні;
14 қазан – Стандарттау қызметкерлерінің күні;
18 қараша – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні.

Айта кетейік, кәсіби мерекелер демалыс күні болып есептелмейді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: