Қазақстанда вейптерді таратқандар 5 жылға дейін сотталады

24 Қаңтар, 12:30 707

Мәжіліс депутаттары денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау мәселелері бойынша түзетулер тұжырымдамасынан тыс темекі өнімдерін тұтынуды шектеу нормалары да қарастырылған. Вейптерді әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салынады. Олардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі: сатқаны үшін ең жоғары жаза – 50 тәулікке дейін қамауға алу; әкеліп, таратқаны үшін – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру, қылмыстық топ жасаған не аса iрi мөлшерде жасалған, бiрнеше рет жасалған әрекеттер үшiн 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру көзделген.

Миражан Махан
Бөлісу: