Қазақстанда үш букмекерлік кеңсенің жұмысы тоқтатылуы мүмкін

24 Шілде 2023, 11:11 1075

Мәдениет және спорт министрлігі үш букмекерлік кеңсенің лицензиясын сот тәртібімен жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Одан қалды жыл басынан бері заңнаманы бұзған 5 букмекерлік кеңсенің қызметі тоқтатылды.

Оқи отырыңыз:

Ведомство мәліметінше, Қазақстандағы букмекерлік кеңселер саны 2 еседен астам қысқарды. Егер 2021 жылдың басында елде 38 букмекерлік кеңсе жұмыс істесе, бүгінде олардың саны - 16. Ал оның ішінде іс жүзінде жұмыс істейтіндері - 12.

Ал соңғы үш жылда букмекерлік кеңселер 15 лицензияны өз еркімен тапсырған.

Министрдің тапсырмасы бойынша осы бағыттағы жұмыс күшейтілетін болады. Бүгінгі таңда Мәдениет және спорт министрлігінің қатысуымен ойын бизнесі және лотерея қызметі саласындағы заңнамаға 62 түзетуді, сондай-ақ ілеспе нормативтік-құқықтық актілерді көздейтін 3 заң жобасы әзірленді. Сондай-ақ біз ойын бизнесінің жарнамасымен күресу үшін заңнамалық деңгейде түзетулерге бастамашы боламыз, - деді мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: