Үкіметтің 2024 жылғы 29 маусымдағы қаулысымен Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне тиісті толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мерекелік күндер тізіміне тағы бір күн қосылды:
23 сәуір – Ұлттық кітап күні.
Бұл жаңа мерекелік күн Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үшінші ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында қоғамда жоғары оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында берген тапсырмасына байланысты пайда болды.