Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан бір жылда 69 әйел көз жұмған

22 Қаңтар, 10:35 1009

Қазақстанда былтыр тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 69 әйел және 7 бала көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сенатор Жанна Асанованың айтуынша, Қазақстанда 2023 жылы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 69 әйел мен жеті бала қайтыс болған.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 99 мың хабарлама келіп түскен, балаларға қарсы 2452 қылмыс жасалған.

Сонымен қатар Сенат депутаты тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң жобасы жақында Мәжіліске жіберілетінін айтты.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: