Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 2576 үйдің құрылысы аяқталды – ҚР ӨҚМ

24 Қыркүйек, 10:22 397

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға арналған 2576 үйдің құрылысы аяқталғанын хабарлады. Оларды салу жұмыстары мамыр айының соңында басталып, 4 ай ішінде аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәселен, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай және Атырау облыстарында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы 100% аяқталды. Құрлысы жұмысы Ақмола (38 үй) және Батыс Қазақстан өңірлерінде (66 үй) жалғасуда. Жаңа үйлерді қыркүйек айының соңында тапсыру жоспарланып отыр.

Көктемгі су тасқыны салдарынан Қазақстанда барлығы 17 603 үй зардап шекті, оның 8 447-сі кейіннен апатты деп танылды. Мемлекет жаңа үйлер салудан бөлек, қайталама нарықта 5 767 бірлік тұрғын үй сатып алды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: