Қазақстанда Skoda-мен бірлескен машииналар шығарылады

24 Сәуір 2023, 14:04 878

Алматы мен Павлодарда машина жасау зауыты ашылады. Зауыт чехиялық «Skoda Transportation» компаниясымен серіктесіп жұмыс істейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елордада өткен Чех-Қазақстан Бизнес-форумында екі елдің премьер-министрі кәсіпкерлік серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойған болатын. Онда екі ел арасындағы бизнес серіктестік және оның ішіндегі транспорттық автомобиль жөніндегі жұмыстар талқыланды. Келісім аясында 6 құжатқа қол қойылды. 

Соның ішінде Алматы мен Павлодар қалаларында транспорттық автомобиль саласына қатысты зауыт салу жоспары қамтылды. 

Skoda Transportation компаниясының жобасымен бірлесе отырып, электро автобустар, трамвайлар жасап шығару қарастырылуда. Өндіруші орын ретінде екі қала белгіленуде. Олар әзірше, Алматы мен Павлодар қалалары болмақ. Бұған үлкен көлемдегі инвестиция құйылады. Жаңа жұмыс орны мен жұмыс күші пайда болады, - деді Kazakh Invest ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали.

Меморандум Skoda Transportation мен Сыртқы істер министрлігімен қабылданды. Сонымен қатар, Қазақстан мен Чехия арасында 7 жобаны іске асыру қарастырылып жатқанын айтты.

Миражан Махан
Бөлісу: