Қазақстанда шай мен кофе қымбаттады

22 Тамыз 2023, 17:00 1258

Жарты жыл ішінде Қазақстан шай мен кофе өндірісі 17,2% өсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәліметке сәйкес, 2023 жылғы қантар-маусымда елiмiзде 10,3 мың тонна шай мен кофе өндiрiлді – бұл өткен жылдың сайкес кезенiмен салыстырғанда 17,2% артық (2022 жылғы қаңтар-маусым – 2022 8,8 мың тонна).

Импорт үлес салмағы 73,4% – елге аталған өнімнің 28,5 мың тоннасы әкелінген. Осылайша импорт көлемі алты айда 32,8% өсті.

Экспортқа жарты жылда 3,5 мың тонна шай мен кофе жіберілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6% артық.

Ішкі нарықта барлығы 35,2 мың тонна өнім сатылды – бұл өткен жылмен салыстырғанда 29,3% көп.

2022 жылғы шілдемен салыстырғанда биылғы шілдеде шай бағасы 12,8%, кофе 17,5% қымбаттаған.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: