Қазақстанда сақтандыру компаниялары көбейіп жатыр

29 Қыркүйек 2023, 16:19 678

Елімізде ҚР халқына сақтандыру қызметтерін 25 сақтандыру ұйымы көрсетеді. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сақтандыру ұйымдарының 16-сы жалпы сақтандыру компаниялары және 9-ы өмірді сақтандыру компаниялары. Сақтандыру нарығы бүгінде қарқынды түрде өсіп келе жатыр.

Оқи отырыңыз:

Қазіргі таңда сақтандыру компанияларының активтері 2,4 триллион теңгені құрайды. Осы жылы 9 ай ішінде ғана сақтандыру нарығындағы төлемдер 164 миллиард теңгені құрады. Соңғы 4 жылда сақтандыру шарттарының саны 2 есе өсті: 5,8 миллионнан 9,3 миллионға дейін артты. Оның 86 пайызын жеке тұлғалар жасады, - деді ол.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасарының сөзінше, шарттардың 49 пайызы міндетті автосақтандыруға жатады.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: