Қазақстанда русофобия жоқ, тек отқа май құйғысы келетіндер бар

22 Маусым 2023, 13:40 1507

Қазіргі әлемдегі геосаяси ахуалдың өршіп тұрған кезінде "Қазақстанда русофобия күшейіп тұр" деп отқа май құюшылар саны азаймай тұр. Алайда Балтық елдері мен басқа да елдермен салыстырғанда елімізде өзге ұлттардың құқығы мен тілі, мәдениеті мен дәстүрі Конституциямен сақталған. Тіпті Ата заңымызда орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі деп тайға таңба басқандай көрсеткен. Ата заң әр азаматтың басты құжаты.

Қай тілде сөйлегіңіз келсе де ешқандай шектеу жоқ. Балаңызды орыс тілді мектепке бересіз бе? Барсын. Қазақстанда 2021-2022 жылдары 7,5 мыңға жуық мектеп болса оның 1,2 мыңы орыс тілінде, 2,4 мың аралас тілде оқытатын мектептер. Ел мектептерінде 3,6 млн бала білім алады

Оның 380 мыңға жуығы биылғы жылы бастауыш сыныпқа барады. Ал мектепті 165 мың түлек бірітіп отыр. Жыл бойында 3,6 млн оқушыға 367,7 мың мұғалім дәріс береді. Үш ауысыммен оқитын 300 мектеп бар. Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, тәуелсзідік алған жылдары 965 мектеп іске қосылып, жалпы саны 3733-ке жетті. Бұл жалпы мектептердің 54% тең. 1991 жылы елімізде қазақ тіліндегі мектептер саны 2768 болатын. Отыз жылда қазақ тілінде білім алатын балалардың үлесі 32%-дан 66 % артқан.

Биыл мектеп қабырғасында оқитын 3,6 млн баланың 2,3 миллионға жуығы қазақ тілінде оқыса 1,3 миллионға жуық бала орыс тілінде оқиды деген сөз. Қазіргі таңда ана тілінде оқитын балалар саны 85% құрайды.

Ұрпағының болашағын байланыстырған қаншама өзге ұлт өкілдері балаларын қазақ мектептеріне беріп жатқанына куә болудамыз. Көптеген қазақ баласы орыс тілді немесе аралас мектептерде білім алып жүр.

Ешқандай шектеу жоқ. Статисткаға сүйенсек 7-мыңға жуық мектептің ең көбі Түркістан облысында 961, ең азы Ұлытау облысында 88 мектеп ғана бар екен. Әрине, өзге ұлт өкілдері оның ішінде орыс ұлты аз тұратын оңтүстік өңірлерде қазақтың саны басымдырақ болса солтүстік өңірлерде керісінше көп. Қай ұлт болмасын барлық жағдайлары жасалған.

Білім алуға, жұмыс істеуге қолайлы. Бюджеттік саладан бастап сервистік қызмет орындарының барлығы дерлік екі тілде қызмет көрсетеді. Тіптен орыс тілі басымырақ болатын жағдайлар көптеп кездеседі.

Мемлекеттік қызметте де қаншама әріптестеріміз, ауыл әкімінің Мәжілістің депутаттары, Үкімет деңгейіндегі лауазымды қызметтерді атқарып отыр. Олардың барлығы Қазақстан Республикасының азаматы болғандықтан заңнамадағы барлық артықшылықтарды пайдалануға шектеу жоқ. Әрине бірен саран өзге ұлт өкілдері немесе ресейлік жалдамалы блогерлер тарапынан Қазақстан билігі мен халқына қатысты правокациялық бағыттағы бейне үндеулер әлеуметтік желіде шығып жатады.

Алайда мұндай әрекеттер бұған дейін де болғандықтан халық та билік те ұстамдылық танытып, өзінің нақты позициясын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевта анықтап, шегелеп тұрып айтып берген болатын. Қазақстан БҰҰ бекітілген Жарғыны қатаң ұстанады. Қазақстан кез-келген соғыс түрлерін айыптайды және оған қосылмайды.

Бейтарап және көпвекторлы саясат ұстана отырып өзінің бейбіт өмір сүруге талпынатын мемлекет екенін әлдеқашан айқындаған болатын. Дегенмен іргелес Ресей мен Қытай елдерімен шекаралас және көптеген жылдардан бері сауда-экономикалық бағытта стартегиялық әріптес мемлекеттер болғандықтан, елдің ішкі ахуалы мен халық тұрмыс-тіршілігіне қатысты сауда айналымы тоқтамайды және әрі жалғасатын болады.

Сөйте тұра Қазақстан Ресей мен Украина арасында бітімгерлік миссияны орындауға, екі ағайынды елді татуластырға әрқашан дайын екенін мәлімдеген болатын. Мұның барлығы да Қазақстанды мекендеген өзге ұлттар үшін жақын болашақта олардың ұлты мен тілі, діні мен мәдениеті үнемі мемлекет қорғауында болатынын айқын дәлелдеп тұр. Жақында ғана Қонаев қаласына шақырылғына Ресей әншісі Лепстің концертіне халықтың пікірі әсер етіп, ұйымдастырушылар концерт өткізуден бас тартты.

Оның басты себебі концерттен түскен қаражат қайырымдылыққа емес Украинаның кез келген танкін жарған, олжалаған сарбазға бір миллион рубльден таратамыз деген Николай Басковпен бірлесе жасаған мәлімдемесі түрткі болып отыр. Басында айтқанымыздай Қазақстан кез келген соғысты және оған көмектесулерді айыптайды дедік.

Демек, халықтан түскен қаражатқа Украинаның бейбіт тұрғындарын өлтіруге жұмсамақ. Бұл жағынан келгенде Қонаев қаласының әкімдігі мен концертті ұйымдастырушылар әділ шешім қабылдады деп есептеймін. Әлеуметтік желіде қоғам пкірі де ұйымдастырушылардың әрекетін қолдағаны көрініп тұр. Қазіргі таңда русофобияға қарсы еліміздің тұрғындары орыс ұлтының өкілдері бейнеүндеулер жариялауда.

Олар өз сөздерінде Қазақстанда ешқандай русофобиялық көзқарас жоқ екенідігін, орыс ұлтының өкілдерінің қысым көріп жатыр деген Ресей саясаткерлерінің байбаламдарын жоққа шығарып, қазақ халқына алғыстарын білдіруде.

Бұл дегеніміз Орта Азиядағы ұлаңғайыр аумақты мекендеген, жерінің асты мен үсті байлыққа толы, 130 дан астам этностар мекендейтін Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық бағытта дамып келе жатқанын көре алмайтын бірқатар провокаторлардың әрекеті екендігі түсінікті.

Қазіргі таңда Қазақстанда орыс тілінде сабақ жүргізетін 2522 мектеп ( 1462,4 мың оқушы), өзбек тілінде 78 мектеп (77,2 мың оқушы), ұйғыр тілінде -14 мектеп (22,3 мың оқушы), тәжік тілінде -3 мектеп (2,5 мың оқушы), украин тілінде-1 мектеп (0,1 мың оқушы) және аралс тілде оқытатын 2112 мектеп бар. Әрине шет елдердегі қазақтарды тарихи отанына оралуға мүмкіндік жасау нәтижесінде соңғы отыз жылда бір миллионнан астам қандастар көшіп келді. Олар осы жылдары ішінде өсті өнді.

Нәтижесінде елдегі қазақтардың үлес салмағы 65,2% яғни 13 миллионға жуықтады. Салыстырмалы түрде айтсақ, 1989 жылы қазақтардың саны 6534 мың болса, орыстар 6227 мың ды құрады. Бүгінгі таңда 3,5 миллионға жуық орыс ұлтының өкілі бар. Соңғы кездері сауда орындарында қызмет көрсету мекемелерінде мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді талап ететін азаматтар көбейді. Бұл заңды құбылыс.

Сан ғасырлар бойы қазақ елінде тұрып қазақтың тілін менсінбей, үйренбей жүргендеріне өкпелі. Алайда қазақ тілін қазақ ұлтынан жақс білетін Н.Дементьева, Г.Шиповских, А.Рожин т.б өзге ұлт өкілдеріне қазақстар тарапынан үнемі құрмет көрсетіліп келеді. Шовинистік көзқарастан арылып, Қазақстанды мәңгілік отаным деп саған, қазақтың тілі мен дәстүрін құрметтейтін кез-келген ұлт өкілдеріне елімізде жол ашық.

Ресейге бүйрегі  бұрып, қазақтарды айыптайтын, әр жерден русофобияны іздеп жүретін азаматтардың орыс пропагандасына көбірек елітіп, инстраграмм, телеграмм каналдарындағы дәлел, дәйексіз ақпараттарға сенудің кесірінен туындап отыр деп есептеймін.

Тіпті Қазақстанға қатысты ешқандай да солшыл көзқарасымыз жоқ. Біз Қазақстанды өзіміздің саяси стартегиялық әріптесіміз ретінде санаймыз деп Ресей Президенті В.Путинде бірнеше мәрте айтқан болатын. Бұл мемлекет басшысының аузынан шыққан бүтін мемлекеттің саяси позициясын толық көрсетіп тұр деген негіз бар.

Әлемдегі мемлекеттер сияқты әлеуметтік, тұрмыстық бағыттағы ұлттар арасында ұрыс керістер болып қалады. Бірақ мұның ар жағында этносқа қатысты саяси астар жоқ екендігін баса айтқан жөн. Қаншама ресейлік кейбір азаматтар тарапынан «Қазақстанда русофобия өршіп тұр» деген мағынада байбалам ақпараттар жарияланса да бұқара халық тарапынан қолдау тапқан жоқ.

Себебі мұның барлығы жалған екенін халық біледі. Қазақтың «бірлігі жоқ ел тозар, бірлігі күшті ел озар» деген мақалы бар.

Көбінесе мұндай ақпаратты жақында ғана Ресейден мобилизациядан қашып келген орыс ұлтының өкілдері таратады. Ал өзіміздің жергілікті орыстар керісінше ақпаратты жоққа шығарып әлек болады.

Қазақтарда, жергілікті орыстарда елде ұлтаралық, дінаралық  бағыттағы керістің болғанын қаламайды. Ал ұлттар арасында от салып, сөз тасушылардың мақсаты этникалық бағытта емес саяи бағыттағы факторлар екенін білгеніміз жөн.

Қазақстан сан ғасырлар бойы кең байтақ даласына сан ұлттар мен ұлыстарды сыйғызып, құшағын айқара ашып, өзінің бейбіт халық екенін дәлелдеп келеді. Қазргі биліктің де, халықтың да бұл мәселедегі көзқарасы өзгерген емес және өзгермейді.

Асылбек Байжұмаұлы
Бөлісу: