Қазақстанда рөлі оң жақтағы таксилер жұмысын тоқтатады

20 Тамыз, 14:00 732

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Яндекс.Такси» мен Indriver өз платформаларында рулі оң жақтағы көліктерді тіркемейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көлік министрі Марат Қарабаев жаңа жылдан бастап Қазақстанда рулі оң жақтағы таксилер жұмысын тоқтататынын мәлімдеді.

Оның сөзінше, «Яндекс.Такси» мен Indriver өз платформаларында рулі оң жақтағы көліктерді платформадан алып тастайды. 

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Яндекс.Такси» мен Indriver өз платформаларында рулі оң жақтағы көліктерді алып тастайды. Көлік министрлігі мен осы екі компания арасында тиісті келісім бар, - деді ол Үкімет отырысында өткен брифингте.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: