Қазақстанда Қытай көліктеріне сұраныс артты

19 Қазан 2023, 14:30 778

Қазақстанда Қытай көліктеріне сұраныс артты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мамандардың айтуынша, сұраныс артуының түрлі себебі бар. Бастысы ескі неміс және жапон көліктерімен салыстырғанда бағасы арзан. Статистикаға сүйенсек, Қазақстандағы 4,5 млн-ға жуық көліктің жартысына жуығы ескі. Ал, тың технология үшін бағаны өсіретін еуропалық өндірушілердің өзін артта қалдырған Қытайдың қазіргі көліктері жылжымалы гаджет секілді.

Олар бір көрмеге 1,5 мыңдай модель әкеледі. Енді бірнеше жылда бүкіл әлемнің автонарығында қытай көліктері болатын сияқты. Адамдар бұрынғыдай оның қозғалтқышының шойын болғанына, шанағының антикоррозиялық өңдеуден өткеніне көп қарамайды. Жайлылығына, технологиясына қарап алып жатыр, - дейді сарапшы Нұрлыбек Рахман.

Бір ғана Орал қаласының өзінде Қытайдан әкелінген көліктің 40-50 түрін сататын 6 автосалон бар. Олардың қатары әлі де көбеймек. Өйткені 4 пайыздық жеңілдік бұйыртпай, өкпелегендер осы көліктерге әуес.

Жұмасына бір автовоз келіп тұрады. 6 машинаны біз 2-3 күнде сатып үлгеріп жатырмыз. Сапасы өте керемет, бұрынғы қытай көліктеріне қарағанда жақсартылған, - дейді автосалон басшысы Ерлан Бекесов.

Айта кетейік, биыл көрші елден 17 мыңға тарта көлік әкелінген. Салыстырмалы түрде бұл былтырғыдан қарағанда 30 пайыз көп.

Равиль Ашығали
Бөлісу: