Қазақстанда қай өңірлерде өндіріс көлемі төмендегені анықталды

16 Тамыз 2023, 06:35 1176

Өнеркәсіп өндірісінің индексі 2023 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстанда 103,6% құрады. Осы уақыт ішінде 26 272,9 млрд теңге сомасына өнеркәсіп өнімі өндірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өңірлер арасында ең үлкен өсім Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында тіркелді.

Өндіріс көлемінің ұлғаюы республиканың 16 өңірінде тіркелді, төмендеу Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда облыстарында байқалды.

Алматы қаласында индекстің өсуіне шоколад, дәрі-дәрмек және жеңіл автомобильдер өндірісінің ұлғаюы әсер етті. Ақтөбе облысында феррохром, хром оксиді және мұнай өндірісінің азаюы индекстің 8,9% төмендеуіне әсер етті.

Жалпы Қазақстанда 2 357 кәсіпорын мен өндіріс ошағы бар (2022 жылғы қаңтар-шілде – 2 189).

Кәсіпорындардың көпшілігі Қарағанды облысында – 199, салалар бойынша өңдеу өнеркәсібінде – 1192.

Перизат Саденова
Бөлісу: