Қазақстанда қай кредит автоматты түрде жойылады

Кеше, 15:25 5293

Қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мақсатында 2023 жылдан бастап Қазақстанда несиеден ерікті түрде бас тарту шарасы енгізілді. Әрбір азамат қарыз алуға тыйым сала алады. "Стоп-несие" қызметі egov сайты мен мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әрбір азамат қарыз алу мүмкіндігіне шектеу қою құқығына ие. "Стоп-кредит" қызметін қалай пайдалану керектігін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) түсіндірді.

Қызметті компьютер арқылы пайдалану үшін келесі қадамдарды орындау қажет

Мобильді қосымша арқылы қызметті пайдалану үшін

Осыдан кейін сіздің кредиттік тарихыңызда қарыз алу құқығынан бас тартқаныңыз туралы белгі пайда болады. Кредиттік ұйымдар кредиттік бюролардан ақпарат сұратқанда, бұл шектеу көрініп, қарыз беру туралы шешім қабылданбайды. Егер сіздің келісіміңізсіз қарыз рәсімделсе, жеке шектеуге қарамастан, қарыз автоматты түрде жойылады, - деп хабарлады ҚНРДА.

Бұл қызметті кез келген уақытта өшіріп тастау оңай. Сонымен қатар, бұл шектеу ломбардтар мен өз клиенттерінің кредиттік тарихын бағаламайтын басқа ұйымдарға қатысты емес. 2024 жылдың 30 желтоқсанына дейін "Стоп-кредит" қызметін 920 мыңнан астам азамат пайдаланған. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: