Қазақстанда қаржы пирамидасын басқарды деген күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды

29 Тамыз, 10:29 461

Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасын басқарған әйелге халықаралық іздеу жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Батыршина Дана Анварқызы, 1976 жылғы 26 қыркүйекте туған, Өзбекстан, Ташкент қаласының тумасы.

Ол 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың шілдесіне дейін Thefiniko қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарды деген күдікке ілінген.

Батыршина азаматтардан жалпы сомасы 65,9 млн теңге және 206,5 мың АҚШ долларын заңсыз жымқырған.

Атап айтқанда, Thefinikо компаниясы сауда және инвестиция платформасы болып саналмайды және әлемдік биржалардың ешқайсысында тіркелмеген.

Егер сіз іздестіріліп жатқан тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, ҚМА мына телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұрайды:

+7-701-218-05-23 - іздеу бойынша,

+7-727-279-29-56 - кезекші бөлім.
 
Сыйақы мен анонимдікке кепіл беріледі.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: