Қазақстанда қанша мәдени мекеме бар?

Бүгiн, 02:28 339

2024 жылы келушілер саны бойынша кітапханалар көш бастады (55485,6 мың адам келуші), одан кейін кинотеатр (23 277,4 мың келуші), ойын-сауық және демалыс саябағы (15 598,1 мың келуші) мен мұражайларға (6665,4 мың келуші) барушылар көп болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылмен салыстырғанда келушілер саны зообақтарда 30%, концерттік ұйымдарда – 12,1%, мәдени-демалыс ұйымдарында – 11,5%, кинотеатрда – 10,9%, мұражайларда – 6,5%, театрларда –3,5% артқан.

Бұл ретте іс-шаралардың көпшілігін мәдени-демалыс ұйымдары (224,2 мың бірлік), театрлар (16,7 мың бірлік), ойын-сауық және демалыс саябақтары (8,7 мың бірлік), сондай-ақ концерттік ұйымдар (6,4 мың бірлік) өткізген. 2024 жылы демалыс және ойын-сауық саябақтары өткізген іс-шаралар саны 24%, цирктерде –13,5%, мәдени-демалыс ұйымдарында 8,8% өскен, - делінген мәліметте.

Ал өңірлік бөліністе 2024 жылы кітапханаларға барушылардың басым бөлігі Алматы қаласы (5581,5 мың келуші), Солтүстік Қазақстан (4512,4 мың келуші), Түркістан (4083,7 мың келуші) және Ақмола (3722,2 мың келуші) облыстарында байқалған. Киноға барушылар саны бойынша Республикалық маңызы бар қалалар алда: Алматы – 7 844,6 мың келуші, Астана – 4027,8 мың келуші, Шымкент-1929,4 мың келуші. Мұражайларға барушылар саны Түркістан облысында (1170,1 мың келуші) және Астана қаласында (955,8 мың келуші) ең көп болған.

Сонымен, Қазақстанда қанша мәдени мекеме бар:

3920 – қоғамдық кітапхана
 3076 – мәдени-демалыс ұйымы
 282 – мұражай
 251 – ойын-сауық және демалыс саябағы
 113 – кинотеатр
 74 – театр
 50 – концерт ұйымы
10 – хайуанаттар бағы
 4 – цирк.

Асқар Таудай
Бөлісу: