Қазақстанда қанша босқын тұрады

Бүгiн, 10:31 382

Қазақстанда пана іздеген 265 адам мен 301 босқын тұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, республика аумағында заңды түрде пана алған барлық шетелдік Қазақстанның босқындарға қатысты халықаралық қоғамдастық алдындағы міндеттемелеріне сәйкес мемлекет тарапынан қорғаумен және қолдаумен қамтамасыз етілген.

Қазір Қазақстанда пана іздеген 265 адам және 301 босқын өмір сүреді. Олардың көпшілігі Алматы қаласы мен Алматы облысында тұрады, - деп жазылған хабарламада.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: