Қазақстанда қандай шетелдік банктер ашылады? Әбілқасымова жауап берді

16 Қазан, 15:17 525

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова елімізде жұмыс істеуге ниетті шетелдік банктердің атын атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжіліс кулуарында БАҚ өкілдері Әбілқасымовадан еліміздің нарығына қанша шетелдік банк кіруі мүмкін екенін сұрады.

Оңтүстік Кореяның қаржылық ұйымына елімізде банк ашуға рұқсат берілді. Қазір банктік қызмет үшін лицензияны ресімдеу сатысында тұр. Бұдан басқа «Бәйтеректен» «Bereke Bank»-ті сатып алған қатарлық инвестор бар. Бізде Біріккен Араб Әмірлігінің Abu Dhabi Commercial Bank-тың елімізде жұмыс істеуін кеңейту бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ол активтер бойынша үшінші банк. БАӘ-дегі активі 155 млрд долларды құрайды. Олардың Қазақстан аумағында Ислам банкі бар. Сонымен қатар олар әмбебап банктік қызметтерді көрсетуге рұқсат алуды жоспарлап отыр. Бұдан басқа микроқаржы ұйымдарының конвертациясы есебінен жаңа банктер пайда болады деп күтіп отырмыз. Қазір екі микроқаржы ұйымынан түскен өтінім қаралып жатыр. Бұл KMF және Solva, - деді ол.

Мәдина Әбілқасымова екі микроқаржы ұйымы келесі жылы банкке айналуы мүмкін екенін атап өтті.

Миражан Махан
Бөлісу: