Қазақстанда полиэфирлі геотекстиль өндірісі іске қосылды

11 Қазан, 13:38 385

«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА аумағында «Интаго Казахстан» тоқыма емес полиэфирлі геотекстиль өндірісі іске қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл маңызды жоба Қазақстандағы геосинтетикалық материалдарды импортты алмастыруға және құрылысшыларды жергілікті өндірістің жоғары сапалы өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған. Жоспарланған өнім көлемі жылына 15 млн м² құрайды, бұл бірінші кезеңде шамамен 40 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Шығарылатын өнімнің жоғары экспорттық әлеуеті бар. Зауыттың ашылуында Ресейге 3 млн м²-ге алғашқы экспорттық келісімшартқа қол қойылды. Жалпы компания өнімнің 40%-ын экспорттауды жоспарлап отыр.

Жобаның жалпы құны 1,4 млрд теңге, оның 715 млн теңгесі «Қазақстанның индустриялық даму қоры» АҚ арқылы жабдық сатып алуға қаржылық лизинг ретінде тартылды, бұл жеңіл өнеркәсіпті қолдау бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда.

Компания «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА аумағында геосинтетикалық материалдар өндірісіне арналған толыққанды кластер құруды жоспарлап  отыр. Биылғы жылдың қазан айында «Интаго Казахстан» алаңында полиэтиленнен көлемді георешеткалар мен полимерлерді регрануляциялау цехын іске қосу күтілуде. 2025 жылдың мамыр айында жол құрылысында қолданылатын плоские полипропилен торларын өндіретін үшінші цехтың іске қосылуы жоспарланған. Қазіргі таңда қосымша 3000 м² өндірістік алаңдардың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл өндірістерді іске қосу қосымша 100 жұмыс орнын ашуға және 2 млрд теңгеден астам инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Бұл жобалар полипропилен мен полиэтиленді одан әрі қайта өңдеуді көздейді, олар «KPI» және «Силлено» көрші зауыттарында өндірілетін болады.

«Интаго Казахстан» Атырау қаласында штапельді талшық өндірісі жобасын жүзеге асыру үшін «Қазақстанның индустриялық даму қоры» АҚ-нан қаржы тартуда, жобаның жалпы құны 2 млрд теңге, жаңа жұмыс орындарының саны 61 адамды құрайды. Жобаны іске асыру геотекстиль өндірісін қамтамасыз етіп қана қоймай, аймақтың экологиясын жақсартуға да үлес қосады. Штапельді талшықтың шикізаты – қайта өңделген пластикалық бөтелкелер. Қазақстандағы штапельді талшық өндірісінің алғашқы зауыты 2025 жылдың сәуір айында іске қосылады.

EL.KZ
Бөлісу: