Қазақстанда пәтерлерді қайта сату бағасы өсті

8 Қараша 2022, 17:01 1565

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді

Бір жылда (2022 жылғы қазан 2021 жылғы қазанға) пәтерлерді қайта сату бағалары – 27,1%, жаңа тұрғын үйлерді сату 16,6% өсті, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы қазанда 54,2% артты.

Өңірлер бөлінісінде жаңа салынған үйлер жылдық мәнде Ақтөбе қаласында 30,3%-ға, Өскеменде 26,3%-ға, Қостанайда 25,4%-ға қымбаттады. Қолданыстағы пәтерлер нарығында баға өсімі Талдықорған (44,6%), Семей (44%), Ақтау (43,3%), Ақтөбе (42,4%) қалаларында қатты байқалды.

Ал тұрғын үйді жалға алу нарығында былтырғы қазанға қарағанда баға Алматы (89,7%), Қарағанды (64,2%), Қостанай (58,5%) қалаларында айтарлықтар көтерілген.

Бір айдың ішінде (2022 жылғы қыркүйекке қарағанда 2022 жылғы қазанда) қолданыстағы пәтер бағалары –2,1%, жаңа тұрғын үйді сату 0,9% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда қазанда 5,6% жоғарылады.

EL.KZ
Бөлісу: