Қазақстанда пара беру жағдайы жиілеген

21 Маусым 2023, 12:17 1393

Қазақстанда түрлі мәселелерді шешкені үшін лауазымды тұлғаларға пара беруге итермелеу жағдайлары және алаяқтық жиілеп кетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Соңғы үш жылда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өндірісінде алаяқтық фактілері бойынша 600-ден астам қылмыстық іс болған. 313 адам сотталды.

Қазір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өндірісінде алаяқтарға, делдалдарға және пара беруге итермелеушілерге қатысты бірқатар қылмыстық іс бар, - делінген Антикор таратқан мәліметте.

Алаяқтарға берілген ақшалай қаражаттың жалпы сомасы 17 млрд теңгеден асады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: