2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс алқабының 23,3%), Қостанай (23%), Павлодар (12,5%), Абай (10,2%), Ақмола (9,2%) және Шығыс Қазақстан (7,7%) облыстарына тиесілі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
АШМ мәліметінше, майлы дақылдардың өнімі 3,3 млн тоннаны құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 53%-ға артық (2,1 млн тонна). Осы көлемнің 1,8 млн тоннасын күнбағыс құрады.
Өсімдік майы өндірісі өсуін жалғастыруда. Қазақстанда жылына шамамен 4,0 млн тонна шикізатты қайта өңдеу қуаты бар 88 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар негізінен Шығыс Қазақстан, Солтүстік
Қазақстан және Абай облыстарында шоғырланған.
2024 жылы барлығы 753 мың тонна өсімдік майы өндірілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 12%-ға артық (672,1 мың тонна). 2025 жылғы қаңтар-ақпанда өндіріс көлемі 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 26,7%-ға, 124,8 мың тоннадан 158,1 мың тоннаға дейін ұлғайды. Оның ішінде күнбағыс майы өндірісі 22,4%-ға - 113 мың тоннадан 138,2 мың тоннаға дейін ұлғайды.
Өткен жылы өсімдік майы экспортының көлемі 582,1 мың тоннаны құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 12%-ға артық. Өнімдер ҚХР-да жоғары сұранысқа ие, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Қырғызстан, Латвия және Түрікменстан елдерінде экспорт үлесі экспорттың жалпы көлемінің 42,4%-ын алады.
Қайта өңделген өнімдердің экспорттық әлеуетін арттыру үшін Қазақстан Қытаймен ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруда. Қол қойылған санитарлық және фитосанитарлық талаптар хаттамалары майлы дақылдарды қайта өңдеу өнімдерін экспорттау үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.
Сондай-ақ, май саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін АӨК субъектілерін, соның ішінде майлы дақылдарды қайта өңдеу кәсіпорындарын субсидиялау бағдарламасы бойынша қолдау көзделген. Осы бағдарлама шеңберінде қаржы институттарымен айналым қаражатын толықтыруға қарыз шарттарын жасасқан кәсіпорындар жеңілдікті кредиттер ала алады, бұл саланың одан әрі дамуына ықпал етеді.