Қазақстанда маска режимі қайта енгізіледі

9 Ақпан, 11:20 1595

Бас санитарлық дәрігер тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құжатқа сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарында, адам көп жиналатын орындарда бетперде киген жөн.

Бұл қызылша, COVID-19, тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың таралуын болдырмау үшін қолға алынып отыр.

Облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің басшылары медициналық ұйымдарда персонал мен келушілердің медициналық маскаларды пайдалануын, антисептиктердің болуын қамтамасыз етсін, – делінген денсаулық сақтау министрінің қаулысында.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: