Қазақстанда макарон өнімдері бір жылда 31% өсті

23 Мамыр 2023, 11:24 1164

Макарон, кеспе, кускус және осыған ұқсас ұн өнімдерін өндіру 2023 жылғы қаңтар-сәуірде 52,4 мың тоннаны құрады – 2022 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 6,8% аз.

Бір жыл бұрын осы кезеңде өндіріс көлемінің өсуі 10,4% құраған болатын.

Ағымдағы жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша макарон өнімдерінің бағасы бір жылда бірден 30,5% өсті. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 23,4%, ал 2021 жылдың сәуірінде 12,5% болды.

ҚР өңірлері арасында макарон өнімдерінің айтарлықтай қымбаттауы Батыс Қазақстан облысында байқалды – 61,7%. Бағаның айтарлықтай өсуі Павлодар (43,7%), Маңғыстау (43,5%) және Атырау (42,4%) облыстарында да тіркелді.

Макарон өнімдерінің бағасы ең аз өскен өңір – Ақмола облысы: жылына 15,7%. Одан кейін Алматы облысы (17,5%), сондай-ақ Шымкент (24,3%) пен Алматы (24,6%) тұр.

Сонымен қатар, Қазақстанда сәуір айының қорытындысы бойынша рожки макароны бір жылда – 28,4%, кеспе мен вермишель – 31%, ал спагетти бірден 37,3% қымбаттады.

Айта кетерлігі, елімізде макарон өнімдерін тұтыну – әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Біз бұл жағынан тек Италияға жол береміз.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: