Қазақстанда күзгі әскерге шақыру маусымы басталды

6 Қыркүйек, 15:40 463

Елімізде күзгі әскерге шақыру науқаны желтоқсан айына дейін жалғасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күзгі әскерге шақыру науқаны барысында Қазақстан армиясының қатары 20 мыңнан астам сарбазбен толығады. Мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға негіздері жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі азаматтар шақырылады.

Күзгі шақыру барысында: Қарулы күштердің, ІІМ Ұлттық ұланының, ҰҚК Шекара қызметінің, ТЖМ және Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелері жасақталатын болады. Биылғы жылы сарбаздарға арналған артықшылықтар заң жүзінде бекітілді. Оларға қызмет ету кезеңінде және әскерден босатылғаннан кейін екі ай уақытқа несиелік демалыс беріледі.

Бүгінгі таңда 6 мыңнан астам әскери қызметшінің 1 млрд 828 млн теңге сомасындағы төлемдері кейінге шегерілді. Отан алдындағы борышын өтеген азаматтарға студенттік жатақханадан орын беру жеңілдіктері де қарастырылған.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: