Қазақстанда күштік құрылымдар арасында FPV-дрондар турнирі өтті

Кеше, 10:41 299

17 сәуірде ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастамасымен “Майлан” далалық оқу орталығында елімізде тұңғыш рет күштік құрылымдар арасында Millitary Drone Race FPV-дрон операторларының турнирі ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сайысқа ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және басқа да құрылымдардың командалары қатысты.

Турнирдің серіктесі — “Ashyk Aspan Foundation” білім және ғылым қоры.

Жеңімпаздар:

Бұл турнир FPV-дрондарды басқару саласындағы мамандардың кәсіби шеберлігін арттыруға, жаңа жүйелермен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, тәжірибе алмасуға және ұшқышсыз ұшу аппараттарын тактикалық тұрғыда қолдану мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: