Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны азайды

24 Наурыз 2023, 09:47 694

Қазақстанда өткен бір тәулікте коронавирусқа шалдыққан 22 адам анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

24 наурыздағы жағдай бойынша, өңірлерде коронавирус инфекциясынан 1 789 адам (коронавирустан (КВИ+) –1 619, пневмониядан (КВИ-) – 170 КВИ) емделуде. Олардың ішінде 140 пациент стационарда, 1 649 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 5 адамның жағдайы ауыр,

- 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

EL.KZ
Бөлісу: