Қазақстанда колледж студенттерінің стипендиясы 50% өсті

11 Қыркүйек 2023, 17:55 2007

Мұны Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Серік Жартыбаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Колледж студенттерін ынталандыру мақсатында 2023 жылдың қыркүйегінен бастап стипендияны кезең-кезеңімен арттыру қарастырылған: 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 50%-ға өседі, 2024 жылы 100%-ға дейін жеткізіледі, - деді ол.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттер әлеуметтік қолдаумен, оның ішінде стипендиямен, тамақтанумен және жолақымен қамтылған. Сондай-ақ жаңа оқу жылында колледж студенттері үшін 2,5 мың орындық 13 жаңа жатақхана ашылады.

Биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы 50 мың орынға ұлғайтылды. Техникалық және кәсіптік колледж студенттерінің 75 мыңы квота бойынша қабылданды, - деді ол.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: