Қазақстанда көкөніс бағасы 19,2% пайызға қымбаттады

24 Қаңтар 2023, 18:14 1527

2022 жылдың желтоқсан айының соңында жаңа піскен көкөністердің бағасы өткен жылмен салыстырғанда 19,2% пайызға өсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Ең көп баға өсімі Алматы облысында (жылына 32,2%), Түркістан (30,3%) және Ұлытау (27,1%) облыстарында тіркелді. Бағаның ең аз жылдық өсімі Батыс Қазақстан облысында (4,6%-ға) байқалды. Еліміздің 20 өңірінің ішінде жаңа піскен көкөністердің бағасы тек Павлодар облысында  2,7%-ға ғана төмендеді.

Қияр (47,9%-ға, кг 931 теңгеге), пияз (40,6%-ға, 124 теңгеге), қызанақ (22,2%-ға, 764 теңгеге), картоп (11,9%-ға, 155 теңгеге), қызылша да аздап өсті (1,5%-ға, 235 теңгеге дейін). Бір жыл ішінде сәбіз бағасы 0,8%-ға, 145 теңгеге, ақ орамжапырақ 15,2%-ға, келісі 102 теңгеге арзандады.

Көкөніс импортына келетін болсақ, 2022 жылғы қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша бұрыш импорты айтарлықтай өсті (2,8 есеге, 28,3 мың тоннаға дейін). Сонымен қатар қияр мен горничка (85,7%-ға, 9,4 мың тонна), сарымсақ (76,2%-ға, 4,1 мың тоннаға дейін), асқабақ (73,2%-ға, 62,1 мың тоннаға дейін), қырыққабат (61%-ға, 107,6 мың тоннаға дейін) және қызанақ (45%-ға, 56 мың тоннаға дейін) бағалары да көтерілді.

Көкөніс экспорты бойынша, Қазақстаннан сыртқы нарықтарға бұрыш (63,6%-ға, 1,4 мың тоннаға дейін), ас қызылшасы (62%-ға, 1,1 мың тоннаға дейін), бақша дақылдары (56,1%-ға, 38,4  мың тоннаға дейін), сәбіз (32,1%-ға, 3,6 мың тоннаға дейін), пияз (31,8%-ға, 109,9 мың тоннаға дейін) және сарымсақ (18,5%-ға , 474,5 тоннаға дейін) бағалары өсті

Қырыққабат, қияр мен қызанақ, баялды экспорты қысқарды.

Көкөністердің негізгі түрлері бойынша Қазақстан Республикасына импорт экспортқа қарағанда бірнеше есе көп. 

EL.KZ
Бөлісу: