Қазақстанда кітаптар 3,7% қымбаттады

24 Сәуір, 00:21 534

2024 жылғы наурызда Қазақстандағы кітаптар өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 3,7% қымбаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

2023 жылдың қаңтар-желтоқсаны аралығында баспа компаниялары көрсеткен қызметтердің көлемі 70,2 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қызмет көрсету көлемі 0,8% өсті.

Аталған соманың 23,5 млрд теңгесі – газет шығару, 16,7 млрд теңге – кітап шығару, 9,7 млрд теңге баспа қызметінің өзге түрлері есебінен болған.

Перизат Саденова
Бөлісу: