Қазақстанда кедейлік деңгейі 5,3% құрады

14 Желтоқсан 2022, 16:34 1298

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті

Кедейлік деңгейі ІІІ тоқсанда 5,3% құрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу нәтижелері бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі) 2022 жылғы III тоқсанда 5,3% құрады.

Кедейлік қаупіне үй шаруашылықтарының көлемі қатты әсер етеді.

Осылайша, 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 9,3%-ды құрады, бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есеге жуық көп.

EL.KZ
Бөлісу: