Қазақстанда кедейлер саны көбейген - министр

13 Қаңтар 2023, 18:49 1261

Бұл туралы Еңбек және халық әлеуметтік қорғау министрі мәлім етті

Биыл Қазақстандағы тұрмысы төмен азаматтардың саны өскен. Бұл туралы Еңбек және халық әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Өткен жылдары кедейлердің саны 4,9% адам болса, қазіргі таңда 5,1% құрайды. Инфляцияның жоғары болуы азаматтардың табысын алып қойып жатыр. Олар қаражатының көбін азық-түлік себетін алуға жұмсайды. Мысалы, 150 мың теңге десек, қазір осы ақшаның 60-70%-ы азық-түлікке жұмсалады. Осылайша, отбасының одан әрі дамуы үшін қалатын қаражат азайды. Әрине, бұл жағдай әрбір отбасының бюджетіне әсерін тигізеді, - деді Тамара Дүйсенова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

EL.KZ
Бөлісу: