Қазақстанда кедей отбасы көбейген

29 Тамыз 2023, 17:28 1099

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бүгінде біздің елде кедейлік шегінен төмен деңгейдегі отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек  төленеді. Биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша АӘК алатын 538 мың адам немесе 102 мың отбасы бар. Егер өткен жылмен салыстырсақ, былтыр АӘК-ні 700 мыңнан астам адам немесе 141 мың отбасы алды. Көріп отырғанымыздай, АӘК алатындар саны азайып келеді. Енді осының ішінде балалардың үлесі 65 пайызды немесе 355 мың баланы құрайды. 1 қаңтардан бастап осы отбасыларда тұратын 1-6 жастағы балаларға қосымша түрде кепілдендірілген төлем беріледі. Әр бала үшін 1,5 АЕК төленеді, - деді ол. 

2019 жылы жәрдемақы алатын отбасы саны 250 мың болса, қазір олардың саны 545 мың отбасыға жетті.

Мемлекеттен көмек алып жатқан отбасылар саны көбейгенін айтты.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: