Халықаралық іздеуде болған азамат Ресейде ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Новосібірде Интерполдың сұрауы бойынша кәмелет жасына толмаған балаға жыныстық қатынас пен сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған 25 жастағы ер адам ұсталды.
Қазіргі уақытта ол қамауда. Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.