Қазақстанда ішкі тауар айналымы 27,6 трлн теңгеге жетті

26 Шілде, 09:09 1435

2024 жылдың алғашқы 6 айында Қазақстанның ішкі тауар айналымы 27,6 трлн теңгені құрады, сауданың нақты көлемінің индексі 3,9% деңгейінде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, маусым айында мамырмен салыстырғанда сауданың қарқынды өсуі байқалды, көтерме сауданың 10,5% және бөлшек сауданың 30,6% өсуін қосқанда 16,8%-ға өсті.

Салаға салынған инвестиция көлемі 282,4 млрд теңгеге жетті, оның 153,6 млрд теңгесі көтерме және бөлшек саудаға бағытталған.

Сауда және интеграция министрлігі заманауи сауда инфрақұрылымдық форматын құру үшін мемлекеттік қолдаудың жаңа шараларын енгізуде. Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түпкілікті қарыз алушылар үшін 9%-дан аспайтын болады, сондай-ақ жетіспейтін кепілді қамтамасыз ету үшін кредиттер бойынша кепілдіктер көзделген.

Мемлекеттік қолдау сөрелердегі отандық тауарлардың үлесін арттыруға бағытталған: азық-түлік тауарларының кем дегенде 50% және азық-түлік емес тауарлардың 20% отандық өндірісте болуы тиіс. 16 сауда нарығын жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде, 2025 жылдың соңына дейін 75-ке жетеді. 20 мыңнан астам кәсіпкер мен базарлардың 5 мың қызметкері қолдау алды.

Қауіпсіздік, жарықтандыру, іргелес аумақтарды абаттандыру және ыңғайлы кірме жолдарды қоса алғанда, сауда объектілеріне қойылатын талаптарды белгілейтін Ұлттық стандарт енгізілді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: