Көптеген қазақстандықты ескі көліктерді қалай және қайда кәдеге жаратуға тапсыру керек екені алаңдатады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Tengri Auto Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінен істен шыққан көлікті қалай кәдеге жаратуға болатынын және ол үшін қанша алуға болатынын білді.
Қашан басталады?
Министрліктің баспасөз қызметі мәліметінше, Қазақстанда автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жарату процесі 2024 жылғы 10 қазандағы №243 бұйрыққа сәйкес реттеледі. Қазіргі уақытта қайта өңдеушілермен келісімшарттар жасалып жатыр, содан кейін өтінімдерді қабылдау басталады. Алайда министрлік нақты күндерді атаған жоқ.
Автокөлікті қайда тапсыруға болады?
Кәдеге жаратуға өтінімдерді "Жасыл даму" АҚ-ның ақпараттық жүйесі арқылы беру қажет. Қайта өңдеушілермен келісімшарттар жасалғаннан кейін, қабылдау пункттерінің өзекті тізімі оператордың ресми сайтында жарияланады.
Қандай көліктер қабылданады?
Кез келген жылғы және модельдегі автокөліктер кәдеге жаратуға қабылданады, бірақ негізгі құрамдас бөліктері: шанағы, есіктер, қозғалтқыш, беріліс қорабы және басқа да бөлшектер болуы шарт.
Кәдеге жаратуға тапсырғаны үшін қанша алуға болады?
Ескі автокөлік иелері ақшалай төлемнің орнына көлік санатына байланысты жеңілдік сертификатын алады:
Шешімді қалай даулау керек?
Егер көлік иесінде қабылданған шешімдерге қатысты сұрақтар туындаса, ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес шағым түсіре алады.