Қазақстанда ер азаматтар қай салаларда жұмыс істейді?

7 Мамыр, 10:39 712

2023 жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылған ерлер саны 4 711,7 мың адамды құрады. Оның ішінде қалалық жерде еңбекпен қамтылғандар – 2 831,4 мың, ауылдық жерде – 1 880,3 мың адам, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ерлердің ең көп саны өнеркәсіп секторында жұмыс істейді, олардың ондағы саны 777,5 мың адам. Одан кейінгі орында 653,2 мың адам жұмыс істейтін көтерме және бөлшек сауда саласы. 637,1 мың ер азаматты жұмыспен қамтыған ауыл шаруашылығы саласы үшінші орында.

Құрылыс 520 мың ер азамат үшін тартымды салаға айналды, ал көлік пен қоймада ерлер 513,1 мың жұмыс орнын алып отыр.
Мемлекеттік басқару және қорғаныс істері 335,1 мың ер азаматты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Басқа салалардағы ерлер саны:

білім беру – 310,9 мың адам
денсаулық сақтау – 160,8 мың адам
әкімшілік және қосалқы қызметтер – 159 мың адам
кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет – 126,4 мың адам
ақпарат және байланыс – 109,2 мың адам
қаржы және сақтандыру – 84 мың адам
тұру және тамақтану – 72,3 мың адам
жылжымайтын мүлік – 68,7 мың адам
өнер және ойын-сауық – 59,4 мың адам
басқа да қызметтерді көрсету – 124,3 мың адам

Айта кетейік, Жұмыспен қамтылған ерлердің негізгі бөлігін (1,2 млн) 35-44 жас аралығындағылар құрайды, ал 51,7 мың ер адамның қосымша жұмысы бар.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: