Қазақстанда енді әкім-минстрлердің айлығы 85 мың теңге болуы мүмкін. Петиция жинау басталды

24 Тамыз 2023, 13:49 18037

Қазақстандықтар әкімдердің, министрлердің, депутаттар мен өзге де шенеуніктердің айлығын 85 мың теңгеге дейін төмендетуді ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Осындай бастамамен арнайы петицияға қол қойып жатыр.

Олар адам айына 85 мың теңгеге өмір сүре алады деп сендіреді. Егер өздері 85 мың теңгеге өмір сүре алса, онда оларға жоғары айлық төлеудің не қажеті бар, – дейді петиция авторлары.

Ұйымдастырушылар үнемделген қаржыны азаматтардың керек-жарағына жұмсау керек деп отыр. Бұл ұсынысты қазірдің өзінде 3,5 мың адам қолдаған.

Естеріңізде болса, еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев кітапхана қызметкерлерімен кездесу барысында 85 мың теңге адамның өмір сүруіне жетеді деген болатын. Көп ұзамай бұған қаржы министрі пікір білдірді

Мадина Асылбекова
Бөлісу: