Қазақстанда ең көп жалақыны кімдер алады

11 Қаңтар, 11:38 2861

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда кімдерге ең жоғары жалақы ұсынылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Электрондық еңбек биржасының мәліметі бойынша, ең жоғары жалақы өндірістің бас технологтарына – 954 мың теңгеден, ұңғымаларға қызмет көрсететін инженерлерге – 800 мың теңгеден және жүйелік сәулетшілерге – 700 мың теңгеден ұсынылады.

2023 жылғы желтоқсанда бос жұмыс орындарының қатарын басқа қызмет түрлерінің кәсіпорындары, ауыл шаруашылығы мен негізгі және орта білім беру ұйымдары құрады.

Өз кезегінде ең жоғары жалақыны ұңғымаларға қызмет көрсететін инженерлер – орта есеппен 1,5 млн теңгеден, бұрғылау жөніндегі жетекшілер – 1,1 млн теңгеден және өнімді әзірлеу жөніндегі менеджерлер – 935 мың теңгеден сұраған.

Еңбек министрлігі сұралған және ұсынылатын жалақы көлеміндегі айырмашылықтың себебі мен қалай анықталатынын түсіндірді.

Біріншіден, ұсынылған деректер электронды еңбек биржасы порталында жалпыға қолжетімді. Бұл деректер азаматтардың орналастырған түйіндемелері және олардың жалақы күтулері. Яғни, шартты түрде, жоғарыда айтылғандай, бір адам орта есеппен 1,5 миллион теңге. Тиісінше, жұмыс берушілерден әлі де ұсыныстар бар. Олар әртүрлі лауазымдарға бос жұмыс орындарын жариялайды. Бұл белгілі бір дағдыларды талап ететін лауазымдар болуы мүмкін. Мысалы, өткен жылы режиссерлер мен бейнеоператорларға жоғары жалақы ұсыныстары қойылды, - делінген хабарламада.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: