Қазақстанда наурыз айының соңына дейін «Достық - Бескөл» станциялары арасындағы екінші жолдарда қозғалыс ашылады. Бұл туралы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінде хабарлады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған бағыт «Достық - Мойынты» жобасының бір бөлігі саналады. Бұған дейін 127 шақырымдық «Балқаш - Мойынты» учаскесінде қозғалыс іске қосылды.
Жалпы ұзындығы 166 шақырымды құрайтын жаңа бағытта қазіргі таңда соңғы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Учаскенің ашылуы транзиттік тасымалдау әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді, - делінген мәліметте.
Жалпы ұзындығы 836 шақырымды құрайтын «Достық - Мойынты» теміржол жобасының толық аяқталуы осы жылдың ортасына жоспарланған.