Қазақстанда доллар тағы қымбаттады

30 Мамыр, 17:26 578

Қазақстан қор биржасындағы KASE саудасының қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллар бағамы 1,83 теңгеге қымбаттады. 

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 444,79 теңге.

Ұлттық банктің ресми бағамы – 1 долларға 442, 85 теңге. 

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 4,94 теңге.

kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 445,2 теңгені, сатылымы 446,2 теңгені құрады.

Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 443 теңгеден сатып алынып, 448 теңгеден сатылуда.

Ресей рублі 4,88 – 4,98 теңге аралығында саудаланып жатыр.

 

Ажар Лаубаева
Бөлісу: