Қазақстанда дизель отыны тапшы

3 Сәуір 2023, 16:31 1192
Бұл туралы Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов ОКҚ баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
Оның айтуынша, үш мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін өндіріс көлемі 3 млн тоннаға өскен.
 
Қазір жылына шамамен 17 млн тонна шикі мұнай өңделеді. Соңғы бес жылда бензин шығару көлемін 70 пайызға яғни, 3-тен 5 млнға, ал дизель отынын 30 пайызға өсірдік. Өткен жылы дизель отынын шығару бойынша рекордтық көрсеткіш 5,2 млн тоннаға жетсек те, қазіргі жағдайда еліміздің бірқатар өңірлерінде дизель тапшылығы бар. 350 мың тонна көлеміндегі дефицитті (қысқы ДТ қоспағанда) қымбат бағадағы импорттық отынмен жабуға мәжбүр болдық. Экономикаға маңызды өнеркәсіп секторы болып саналатын тау-кен метталлургия кешені және темір жол салаларының тұтыну көлемі сол қалпында қалды, яғни өскен жоқ», - деді министр.
Сондай-ақ министр өткен жылы шетелдік транзиттік көлік тұтынған дизель көлемі шамамен 150 мың тоннаны құрағанын тілге тиек етті.
 
«Қазақстанда дизель отыны тапшылығының басты себебі - бағадағы диспропорция. Отандық отын бағасы көрші елдермен салыстырғанда айтарлықтай арзан. Қазақстан – әлемдегі жанармайы арзан он елдің қатарында», - деді Болат Ақшолақов.
Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: