Қазақстанда бойдақтарға салық салына ма? Қаржы министрлігі жауап берді

3 Ақпан, 12:16 571

Қаржы министрлігі елімізде баласы жоқтарға салынатын салыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін БАҚ-та Мәжіліс депутаты Болат Керімбектің баласы жоқтарға салық салу туралы ұсыныс жасағаны жазылған, алайда мәжілісмен мұны жоққа шығарып отыр.

«Біз Талдықорған тұрғындарымен кездескенде кеш отбасын құру мәселесін талқыладық. Бұған дейін салықтың бұл түрі Италияда және Болгарияда болған екен. Демография тұрғысынан бұл маңызды мәселе. Адамдар кеш үйленсе, балаларды тәрбиелеу, оларды аяққа тұрғызу секілді мәселелер пайда болады. Біз осы тұрғыдан талқыладық. Бірақ мен мұндай салық салуды ұсынған жоқпын, БАҚ менің сөзімді басқаша жеткізген, – дейді Болат Керімбек.

Соған қарамастан Қаржы министрлігі, егер баласы жоқтарға салық салу туралы ұсыныс түссе, оны қарастыруға дайын екендігін жеткізген.

Министрлікке «баласы жоқтарға салық салу туралы» ұсыныс ресми түрде түскен жоқ. Бұл ретте заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес келіп түскен жағдайда, құзыреті шегінде қаралатын болады, - делінген министрліктің Tengrinews.kz сайтына берген жауабында.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: