Қазақстанда бір жылда инфляция 18,8 пайызға жетті

15 Қараша 2022, 10:35 1829

Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды

Бұл туралы ҚРҰБ Төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов айтты, деп хабарлайды El.kz

"Жылдық мәнде инфляция 18,8%-ға жетті. Ал жылдық мәнде 23,1%-ға жеткен азық-түлік бағасының өсуі инфляцияға көптеп үлес қосуда. Жеміс-жидек пен көкөніс өнімдерін маусымдық арзандату аяқталды. Азық-түлікке жатпайтын инфляцияның өсуі де 17,9%-ға дейін жеделдеді. Импорт үлесі жоғары тауарлардың, оның ішінде жеке қолданыстағы тауарлардың, тұрмыста қолданылатын құралдардың, құрылыс материалдарының, дәрі-дәрмектің бағалары тез өсіп отыр. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар құрылымында өткен жылдың жоғары базасы есебінен шығу нәтижесінде жанар-жағармай мен автомобильдерге бағаның өсуі баяулады", - деді Берік Шолпанқұлов.

Оның айтуынша, ақылы қызметтер инфляциясы 13,5%-ға жетті. Тұрғын үйді жалға алу қымбаттауын тоқтатқан жоқ, энергия өндіруші компаниялардың тарифтері өсуіне байланысты электр қуатының құны қымбаттады.

"Қазан айында халық күткен және қабылдайтын инфляцияның медианалық бағалары тиісінше 18,3%-ға және 22%-ға дейін күрт өсті. Екі көрсеткіш те 2016 жылдан бастап ең жоғары деңгейге жетті. Жоғары инфляциялық күтулерге, фискалдық ынталандыруға байланысты инфляциялық процестердің өсуі дезинфляциялық ақша-кредит саясатын жалғастыруды талап етеді", - деді Берік Шолпанқұлов.

EL.KZ
Бөлісу: