Қазақстанда бір айда 12 мыңнан астам көлік шығарылды

24 Мамыр, 18:00 626

2024 жылы сәуір айында Қазақстандағы зауыттарда 13 873 доңғалақты техника шығарылды. Соның ішінде 12 926 дана жеңіл көлік бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жоғарыда аталған көрсеткішті 2023 жылдың сәуір айымен салыстырсақ, жеңіл көліктердің өндірісі 10,5 процентке өскен.

Ұлттық статистик бюросының мәліметінше, қаңтар-сәуір айларында республика бойынша 47 мың техника шығарылған. Бағасы – 593,1 млрд теңгені құрайды. Өткен жылы дәл осы кезеңде 44,7 дана болған. Бір жылдың доңғалақты техниканың өндірісі 4,9 пайызға өсті.

Жылдық көрсеткіштер:

Жеңіл көлік – 43 622 дана (+7,8%);

Жүк көлік – 2 087 дана (-36%);

Автобус – 740 дана (+22,7%).

Одан бөлек, 279 дана тіркеме мен жартылай тіркемелер, сондай-ақ 166 дана басқа да арнайы техника шығарылды.

Айта кетейік, қазіргі кезде Қазақстанда екі жаңа зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Біреуі Алматыда (Chery, GWM мен Changan), екіншісі Қостанайда (Kia) орналасады. Екі өндіріс іске қосылса, қосымша 7,3 мың жұмыс орны болады.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: